Ұлыбританияда энергетика және азық-түлік дағдарысы күшейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда энергетика және азық-түлік дағдарысы күшейіп барады

14.10.2021

Ұлыбританияда энергетика және азық-түлік дағдарысы күшейіп барады. Бұған бағаның өсуі, пандемия мен "брекситтен" кейін туындаған проблемалар себепші. Корольдікте қазір жұмыс күші жетіспей жатыр. Бұл проблема жүк тасымалы, тамақ өндірісі салаларында өзекті. Жуырда жүк көлігі жүргізушілері тапшылығы салдарынан елде жанар-жағармай станциялары құрғап, бензинсіз қалған еді. Бұл мәселені шешу үшін Британия үкіметі Еуропа Одағы елдерінен жұмыс күшін тарту туралы шешім қабылдады. Және де Корольдік билігі еңбек нарғыныдағы түйіткілді түбегейлі шешу үшін қажетті кадрларды өз азаматтарынан дайындауды тапсырып отыр.


Хабарламаларға жазылу