Бразилиядағы әуежайдан бір тоннаға жуық алтын ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилиядағы әуежайдан бір тоннаға жуық алтын ұрланды

26.07.2019

Бразилияда қаруланған төрт адам 40 миллион доллардың алтыны мен өзге де құнды металдарын ұрлап әкетті. Тонаушылар қымбат заттарды Сан-Паулудың Гуарулхос әуежайының жүк терминалынан алып кеткен. Сонымен қатар, ұрылар екі адамды кепілге алды.

Қара пикап мінген қарақшылар әуежайға полицейлерше киініп барған. Содан кейін олар жұмысшыларды автоматпен қорқытып, бағалы жүкті машиналарына тиеуге мәжбүрлеген.

Бетін тұмшалаған шабуылшылар екі жұмысшымен бірге 750 келі металды қайда әкеткені әзірге белгісіз. Қазір оларды іздеу операциялары жалғасып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу