Елімізде мұғалімдер жетіспей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мұғалімдер жетіспей жатыр

11.10.2021

Елімізде мұғалімдер жетіспей жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс жайлы зерттеу нәтижелерін жариялады. Мәселен қыркүйекте электронды еңбек биржасында 140 мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылған. Соның 18 мыңы білім саласына қатысты. Дәстүрлі оқу форматы басталғалы мектептер мен колледж және жоғары оқу орындарында ұстаздар тапшы. Сондай-ақ күзетшілер, жүргізушүілер мен балабақша тәрбиешілеріне ұсыныс көп. Ал заңгерлер мен қаржыгерлерге керісінше сұраныс төмен. Бір бос орынға 3-4 маманнан келеді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу