Елімізде жаңа көліктер жетіспей жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңа көліктер жетіспей жатыр

12.11.2020

Елімізде жаңа көліктер жетіспей жатыр. Автобизнес қауымдастығының мәліметінше жыл басынан бері Қазақстанда 634 миллиард теңгеге 70 мыңнан астам машина сатып алынған. Өткен айдың өзінде ел азаматтары 10 мыңға жуық су жаңа көлікті тізгіндеген. 

Бұл 2019-дың осы кезімен салыстырғанда 39 пайызға артық. Осылайша дилерлер автонарық парадокске тап болды деп отыр. Карантиндік шектеулерге орай, машина жасау зауыттары өндіріс көлемін азайтып жатқанда, көлікке керісінше сұраныс артып келеді. Сондықтан қазір ұсыныстан сұраныс көп. Сарапшылар сауда-саттық келер жылы қалпына келеді деп отыр. 

Досжан Маратұлы 

жаңа көлік

Хабарламаларға жазылу