Алматыда жас көшбасшылар Тәуелсіздік туралы пікір алмасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас көшбасшылар Тәуелсіздік туралы пікір алмасты

10.12.2021

"Тәуелсіздік бәрінен қымбат". Алматыда «Qazaqstan Team» республикалық қоғамдық жастар ұйымының белсенділері осындай тақырыпта талқылау өткізді. Еркін форматта өткен басқосуға жас көшбасшылар қатысып, егемендіктің маңыздылығы жайлы пікір алмасты. Әрі ел дамуына әрқайсысының қандай үлес қоса алатыны жайлы баяндап шықты. Жиында жастар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек", деген сөзін арқау етті.

Олжас Сүлейменов, "Qazaqstan team" республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі:

"Әлемнің озығын ал, тозығынан сақтану керек" деп, өзіміздің құндылығымызды сақтап, жастарға соны түсіндіріп, дәріптесек, жастардың дамуына қосқан үлесіміз деп есептейміз. Келесі 30 жыл қалай өмір сүруміз керек? Еліміз қандай болу керек деген оймен сондай шаралар өткізу жоспарда бар.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу