«Елдіктің жеті тұғыры» үндеуін жастар талқыға салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Елдіктің жеті тұғыры» үндеуін жастар талқыға салды

30.11.2021

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Таразда студент жастармен ашық диалог өтті. Онда білім, мәдениет, салаларында еңбек етіп жүрген мамандар Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» үндеуін жастарға түсіндіріп, еркін пікір алмасты. Өскелең ұрпақтың білімге құштар болуы – жарқын келешек кепілі. Елбасы жастарға үндеуінде дәл осы ойды меңзеді. Жиында жамбылдық белсенді жастар Ұлт көшбасшысының үндеуін қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар аймақтың Тәуелсіздік алған жылдан бергі даму тарихы туралы көп сериялы бейнеролик көрсетілді. Жалпы өңір тұрғындарының 22 пайызы – 14 пен 29 жас аралығындағы жастар. Өңірдегі екі жоғарғы оқу орнында 24 мыңдай студент білім алып жатыр.

Әлихан Наргиев, 4 курс студенті:
Алдағы уақытта осы жеті тұғырды біз білетін тәуелсіздік, бірлік пен келісім, отбасы салт-дәстүр және прагматизм. Осы дүниелерді бүгінгі жастар болашақта дамытуымыз қажет.


Хабарламаларға жазылу