Атырауда Жайықтағы су деңгейі 4 метр 42 смге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Жайықтағы су деңгейі 4 метр 42 смге жетті

29.04.2024

Атырауда Жайықтағы су деңгейі 4 метр 42 смге жетті. Қауіп сейлер емес. Жаға бекіту жұмыстары тоқтаған жоқ. Өткен тәулікте қаламен қатар Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 шақырымнан астам бөгет салынды. Толығырақ ахуалды жедел штабтан әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт баяндауға әзір. Нұрсұлтан, сіз эфирдесіз.

 елдімекендерге әзір қауіп жоқ

 Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:

Біз қазір облыстың төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтамыз. Мұнда жауапты мамандар бел жазбай жұмыс істеп жатыр. Олар Жайықтағы су деңгейін мына сергек камералары арқылы бақылап отыр. Бұл жерде облыстағы барлық елді-мекендер бар. Мәселен міне қаладағы Дамбы, Алмалы, Еркінқала, тіпті Индер, Махамбет аудандарына дейін көрсетілген. Жағдайды кез келген тұрғын интернеттегі сілтеме арқылы өтіп, бақылай алады. Бүгін су деңгейі 8 смге көтеріліп, 4 метр 42 смге жетті. Қазір жағдайды толығырақ білу үшін облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевті әңгімеге тарттық.

Ертең кәсіпкерлерден өтінім қабылданады

Нұрсұлтан Нұрсейіт, Тілші:

Сұқбатыңыз үшін рақмет. Ал Құлсарыда 600-ге жуық үйге техникалық зерделеу жүргізілді. Бағалау жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Ертеңнен бастап тасқыннан зардап шеккен жылыойлық кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталады. Залалсыздандыру жұмыстары да жүріп жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары тұрғындарға өз беттерімен үйін тазаламауды және дезинфекцияланбаған баспанаға кірмеуді ескеотті. Өйткені су көп тұрып қалған аумақта түрлі инфекция таралып, жұқпалы ауру жұқтыру қаупі бар.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу