Қарағандыда спорт кешенінің құрылысы кестеден кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда спорт кешенінің құрылысы кестеден кешігіп жатыр

03.11.2021

Қарағанды облысының Ботақара кентіндегі спорт кешенінің құрылысы кестеден кешігіп жатыр. Оған екі себеп бар дейді жауаптылар. Жұмысшылардың көпшілігі ковид жұқтырып алған, екіншіден құрылыс материалдарының бағасы тым шарықтап кеткен. Бірақ соған қарамастан әкімдік өкілдері жыл соңына дейін құрылысты аяқтаймыз деп отыр. Оған қазынадан қосымша қаржы қаралмаған. 320 адамға арналған спорт кешені «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынуда. Екі жылға жоспарланған жоба құны - 500 миллион теңге.

Мерген Мұқышев, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары:

Көп жұмысшы өкінішке қарай ауырып қалған болатын. Екіншіден, құрылыс жабдықтары, құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты. Бірақ қазіргі таңда барлық сұрақ шешілген. Жұмыс барысы күшейтілді. Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталды.


Хабарламаларға жазылу