Астана әуежайында 30-ға жуық рейс кешігіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әуежайында 30-ға жуық рейс кешігіп жатыр

04.01.2023

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан Астана әуежайында 30-ға жуық рейс кешігіп жатыр. Елордада соңғы екі күн бойы ақтүтек боран соғып тұр. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір нысан штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Дегенмен ұшуы тиіс 10 рейс пен Астанаға қонуы керек 18 рейс кестеден кешігіп жатыр. Мамандар жолаушыларға абай болуды ескертеді. Сондай-ақ әуе компанияларының call-орталығына хабарласып, ақпарат алуды еске салды.


Хабарламаларға жазылу