Елімізде жаңа машиналар жетіспей жатыр. Оны алу үшін клиенттер алдын ала төлем жасап, кезекке тұруға мәжбүр. «ҚазАвтоПромның» хабарлауынша жаңа көлік саудасы қаңтар-тамыз аралығында 43 пайызға артқан.
Мәселен былтыр 8 айда 51 мың көлік сатылса, биыл 74 мыңға жуық машина иесін тапқан. Бірақ қазір сауда көлемі күрт төмендеген. Өйткені автосалондарда машиналар тапшы. Әсіресе елімізде құрастырылатын көліктер жоқ. Мамандар бұған Қытай, Корея, Жапония секілді елдермен арадағы жүк тасымалының нашарлауы себеп дейді. Оның үстіне көлікке орнатылатын арнайы микросхемалардың өндірісі азайған. Сол үшін сауда көлемі әлем бойынша төмендеген. Нарық сұранысты қамти алмаған соң, баға да өсе береді дейді.
Досжан Маратұлы