Елімізде доллар тапшылығы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде доллар тапшылығы жоқ

24.11.2021

Ақша айырбастау орындарында доллар тапшылығы жоқ! Бүгін Ұлттық банк төрағасының орынбасары елімізде доллар жетіспей жатыр дегенді жоққа шығарды. Әлия Молдабекованың айтуынша АҚШ валютасы нығайған соң, оған сұраныстың артқаны рас. Тіпті соны пайдаланған ақша айырбастау пунктері сату мен сатып алу айырмасын алшақтатып пайда тапқан. Десе де мұнайдың қайта қымбаттап жатқанына байланысты жағдай тұрақталып, теңге нығайып келеді. Бүгін Ұлттық валютамыз долларға шаққанда бірден үш теңгеге күшейді. Қазір бір америкалық көк қағаз 429 теңгеге тең.


Хабарламаларға жазылу