Елімізде кеңсе қағаздарын импорттауға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде кеңсе қағаздарын импорттауға тыйым салынады

07.08.2023

Елімізде кеңсе қағаздарын импорттауға тыйым салмақ. Енді ақ қағазды шетелден әкелуге 2 жылға шектеу қойылуы мүмкін. Тиісті құжатты Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі әзірледі. Бұл арқылы олар отандық өндірісті дамытып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасамақ. Еске салайық, былтыр еліміз бойынша кеңсе қағаздары жетіспей, бұл тауар дүкен сөрелерінде 5 есеге дейін қымбатқа сатылды. Ал Қазақстан бүгінде ақ қағазды көбіне Ресей, Түркия және Қытай елдерінен импорттап отыр. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу