Коронавирустан «испан тұмауынан» да көп адам қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан «испан тұмауынан» да көп адам қайтыс болған

22.09.2021

Коронавирус АҚШ тарихындағы ең ажалды эпидемияға айналды. Яғни бұл індет құрбандар саны жағынан «испан тұмауын» басып озды. 1918-19 жылдары «испанкадан» Құрама Штаттарда 675 мыңға жуық адам өлген еді. Ал, ковидтан 2021 жылы қыркүйектің 20-на дейін 695 мың америкалық көз жұмды. Мұны Джонс Хопкинс университеті хабарлады. Айта кетсек, таяуда Вашингтондағы паркте құрбандардың әрқайсына бағышталып ақ ту тігілді.

«Қазіргі медицинаның жетістіктерін ескерсек, ковидтан мұнша адамның қайтыс болуы аса алаңдатарлық жағдай». Мұны осы елдегі Скриппс атындағы медико-биологиялық институттың директоры Эрик Тополь мәлімдеді. Оның сөзінше, 100 жыл бұрын жасанды тыныс алу аппараттары мен вакцина болмаса да, Америкада вирус құрбандарының қатары қазіргіден аз болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу