Бразилияда бір күнде коронавирустан 1188 адам қайтыс болды

22.05.2020

Бразилияда бір күнде коронавирустан 1188 адам қайтыс болды. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Сондай-ақ Бразилия COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша Ресейден озуға жақын. Елде жұқпалы індет 310 мыңнан астам адамнан табылған.

АҚШ - коронавирустан ең көп зардап шеккен ел. Құрама Штаттардан бұл ауруды 1,6 миллион адам жұқтырып, 100 мыңы көз жұмды. Індеттен қайтыс болғандарды еске алу мақсатында алдағы үш күнде федералдық үкімет ғимараттары мен ұлттық монументтерде мемлекеттік ту төмен түсіріледі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу