Бір тәулікте 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір тәулікте 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

16.03.2020
Бір тәулікте 11 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Бір тәулікте 10 982 адам коронавирус жұқтырды. 343 адам індеттен қайтыс болған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. 

Жалпы, әлем бойынша дертке шалдыққандардың саны 168 598 болса, оның 76 816-ы емделіп, ауруханадан шығарылған. 6506 науқас көз жұмған.

Италияда коронавирустан адам өлімі бойынша рекорд тіркелді. Соңғы бір тәулікте 368 адам қайтыс болған. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 1809-ға жетті. 24 747 адамға коронавирус жұқтырды деген диагноз қойылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Тарик Язаревич жақында Еуропа елдерінде коронавирустан қайтыс болғандардың саны артады деп болжады.

«Індет Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда Италияда ұзақ таралып жатыр. Бірақ Еуропаның енді коронавирус тарап жатқан басқа елдерінде де алдағы күндері немесе таяуда өлім жағдайлары тіркелуі мүмкін», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу