Елдегі жағдайды екінші локдаунға жеткізбеу керек - Президент тапсырмасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі жағдайды екінші локдаунға жеткізбеу керек - Президент тапсырмасы

11.10.2020

Аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекциясына қатысты екінші толқынға дайындық мәселесін қарап, Үкіметпен жиналыс өткізген. Екінші рет локдаун жариялауға жеткізбеу керектігін шегеледі. Себебі біреу – енді тоқтаса, экономика құлайды деуге болар. Онсыз да біздің экономикалық қуат, әлеуметтік қуат анау айтқандай керемет еместігі белгілі.  

Қ.Тоқаев ерекше тоқталған тағы бір мәселе – коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына өтемақы, коронавирус жұқтырғандарға үстемақы төлеудің бюрократиялық шырмауға шырмалғаны. «Медицина қызметкерлері өзіне тиесілі ақшаны өтініп сұрамауы тиіс!»,- дейді Тоқаев.

Қыркүйектің 30-ғы ресми мәлімет бойынша елімізде 182 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болған. Қ.Тоқаевтың айтуынша, тек 37 отбасыға ғана өтемақы төленген. Президент сонымен бірге кәсіби міндетін атқару кезінде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге де өтемақыны кешіктірмей төлеуді тапсырды.

Ал өтемақы алмағанына шағымданған медицина қызметкерлері көп. Мысалы, Атыраудағы ірі мекеме - нөмірі бірінші емхананың қызметкерлері апта соңында мәлімдеме жасап, емхана қызметкерлерінің 90 проценті ауырғанын, бірақ өтемақы ала алмай отырғандарын айтқан.

Заң бойынша, коронавирус немесе коронавирус пневмониясын жұқтырған медицина қызметкеріне – 2 млн теңге, коронавирустан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасына 10 млн теңге көлемінде өтемақы берілуі тиіс. Нысаналы Ығыл жалғастырады.


локдаун Президент

Хабарламаларға жазылу