Әскери оркестр астаналықтарды ерекше құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери оркестр астаналықтарды ерекше құттықтады

07.05.2024

Олар қала халқы мен қонақтарға қазақтың халық, патриоттық әндерінен шашу шашып, ерекше көңіл күй сыйлады. Музыкалық шеру Кенесары хан ескерткішінен басталып, жазғы амфитеатрда аяқталды. Әскерилердің шеруінен Самал Қабышева толығырақ.

 Самал Қабышева, тілші:
Сапта біркелкі жүру әрине әскерилер үшін оңай. Алайда нық қадам басып бір аспапта ойнау ерекше ептілікті қажет етеді. Ырғақтан жаңылмай кез-келген әуенді нақышына келтіру нағыз шеберлік пе дейсің. Бұл бірінші кезекте командалық жұмыс.
Самал Қабышева, тілші:
Астаналық көптеген тұрғындар да әскерилермен бірге сап түзеп келе жатыр. Сондай қала тұрғының бірі қасымызда.
 Нұржан Ешниязов, Астана қаласының тұрғыны:
Барша Қазақ халқыма Отан қорғаушылар күні құтты болсын. Әскерилердің шеруіне сонау Кеңесары ескерткішінен келе жатырмыз. Қаншама адам жолда кездесіп, бәрі ілесіп, қуанышты шеру болып жатыр.
Самал Қабышева, тілші: Әскери шеру көңілізден шықты ма?
Рано Шілтенбаева, Шымкент қаласының тұрғыны :
Керемет. Ойланып жүрген едім. Көңіл күйім керемет көтерілді.
Самал Қабышева, тілші:
Астанада жауын жауып кетті. Бірақ, жауын астаналықтардың көңіліне әсер етіп жатқан жоқ. Халықтың өзінен сұрайық. Мереке құтты болсын. Көңіл-күйлеріңіз қалай?
 Мөлдір Салабекова, Астана қаласының тұрғыны:
Көңіл-күйіміз тамаша. Жауынның жауғанына қарамастан әскерилердің орындауына тамаша.
Самал Қабышева, тілші:
Жалпы өзіңіз айта кетсеңіз, оркестрдің қашаннан бері мүшесісіз.
 Абзал Иманғалиев, оркестр мүшесі:
Орталық оркестрде мен 2012 жылдан берімін. Осы инструментте 8 жыл оқыдым. Колледж, академияның 4 жылы бар. Осындай көрермендерге көңіл-күй сыйлау, өзімізге де ұнайды. Шабыттанамыз.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу