Басты Жаңалықтар Кәріз құбырына қатысты қиындықтан арылмаған тұрғындар

Кәріз құбырына қатысты қиындықтан арылмаған тұрғындар

Көшемізде кәріз жүйесінің қалдықтары қалқып жүр. Елордадағы Алматы ауданына қарасты Есіл, Бұқтырма, Қозыбасы көшелерінің тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Айтуларынша көшелерге кәріз жүйесі тартылған. Алайда ол орталық құбырға қосылмаған. Үйлерден шыққан қалдық сулар енді жолдың бойымен ағып жатыр. Оңғар Алпысбайұлы толықтырып айтады.

Бұл ауданның мәселесімен біз жарты жыл бұрын танысқанбыз. Көлкіген көшелер, қолқаны қабатын сасық иіс, лай-батпақ. Бүгін барсақ баяғы жартас сол жартас.
 Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 
 Бұл Қозыбасы көшесінің бойындағы суағар. Қазір бұл жерде жаңбырдың, қардың суы емес кәріз жүйесінің суы ағып жатыр. Қарасаңыздар іші сабынды су. Қоқысқа толып жатыр. Иісі қолқаны қабады.
Айтуларынша кешеден бері жер дегдіп, кеуіп қалған. Бір күн бұрын сыртқа шығу мүмкін болмай қалды дейді олар.
Алмагүл Оспанова, қала тұрғыны
Таңертең шықсам есік алды толған адамның қоқысы. Енді түсінесіздер ғой. айтпай ақ қояйын жалпақ қара сөзбен. Келін екеміз едік. Келін құсқысы келді. Мен баламен қалдым.
Бекболат Керімжанов, қала тұрғыны: 
 Мына жерде балалар бар. Үлкен кісілер бар. Кеше келгенде дем ала алмайсың мына жерде. Мына кісілер жылағаннан кейін Әлия деген көршіміз ана жерді барып күрекпен қаздық жігіттер. Мына жерге түгел су кетті.
Сәл кейінірек әкімдіктен де техника шақыртып, суды сорғызған. Оның өзін техникамен әкетпей жол бойындағы жыраға ағызып жіберді дейді олар. Тұрғындар сасық иістің кесірінен күндіз-түні терезе аша алмаймыз, жуған кірімізді де далаға жаймаймыз дейді.
Нина Дмитропавленко, қала тұрғыны: 
Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатовтан кешіп келдік. Ол жақ полигон, радияция дейді. Бірақ, мына жердің экологиялық жағдайы Семейдікінен кем емес сияқты. Қалдықтар көше бойында қалқып жүреді. Елордада осындай жағдайға тап боламыз деп мүлде ойламаған едік.
Телеарнадан тілшілер келді дегенді естіген әкімдік қызметкерлері де тез жетті. Тұрғындармен тілдесіп, әне-міне жұмысты бастаймыз деп тағы уәде берді.
Нұрмат Әбдірайымов, Алматы аудандық әкімдігінің бас инспекторы: 
15-16 қыркүйекте жұмыс басталады. Кәріз құбыры биыл бітеді. Мына екі есіл бұқтырма көшесін сол кәріз жүйесіне қосамыз.
Келер аптада құбыр тарту жұмысы басталмаса біз сотқа жүгінеміз, барлық мемлекеттік органдарға шағымданамыз деп тарқасты тұрғындар. Мәселе ұлттық арнаның да назарында болады.

Оңғар Алпысбайұлы
Бөлісу