Басты Жаңалықтар Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты

Қазақстанда екі жол апатынан 15 адам қаза тапты

Өткен түнде елімізде екі жол апатынан 15 адам мерт болды. 23:30 шамасында Қарағанды облысында «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» тасжолында Ford Mondeo жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, Changan көлігімен соқтығысты. Салдарынан 5 адам көз жұмды.


Ал түнгі бір жарым шамасында  Жетісу облысында «Алматы – Өскемен» тасжолында Nissan көлігі әуелі Lada ВАЗ, сосын Chevrolet Cobalt автокөліктерімен соқтығысты. Жол апатынан Nissan жүргізушісі, Lada-ның бір жолаушысы және Chevrolet-тің ішінде болған 8 адамның барлығы (оның ішінде бір бала) қаза тапты. 


Бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысындағы жол апатынан 10 адам мерт болған.  «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жол апаттарының негізгі себебі – жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы мен ережені сақтамауы.


Бөлісу