Вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 53 қылмыстық іс қозғалды
Жыл басынан елімізде вакцинация паспортын қолдан жасау бойынша 53, жалған ПТР-анықтамаға қатысты 57 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ өкілдері арнайы брифингте мәлімдеді. Полиция қызметкерлері медицина орталықтарын, емханалар мен екпе пунктерін тексеруді жалғастыруда. Әлеуметтік желілер де бақылауда. Жалған құжаттарды сату бойынша хабарландыруларды анықтайтын тұрақты мониторингтік топтар жұмыс істейді. Бүгінге дейін осындай 68 хабарлама анықталды.
Шұғыла Тұрлыбек, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілі:
Олар туралы ақпарат бұғаттау үшін уәкілетті органға жіберіледі. Жалған құжат жасағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салғым келеді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да күштік құрылым қызметкерлері арасында турнир өтті
16.10.2025, 17:35

«Арғықазақ мифологиясы» еңбегі түрік тіліне аударылды
16.10.2025, 17:33
Ұлы көшке 35 жыл
16.10.2025, 17:31
Шымкентте «Еңбек жолы» байқауының үздіктері анықталды
16.10.2025, 17:29
Атырауда Жайық жағасын тазалады
16.10.2025, 17:27
Шымкентте «Таза Шым» эко акция өтті
16.10.2025, 17:25
СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын
16.10.2025, 17:23
«Дәстүр дәмі»: Оралда бас аспаздар бақ сынады
16.10.2025, 17:21