Павлодар облысында кәсіпкерлерге салықтан жалтаруға көмектескен қылмыскерлер сотталды
Павлодар облысында кәсіпкерлерге қасақана түрде салықтан жалтаруға көмектескен қылмыскелерге жаза кесілді. 11 адамнан құралған ұйымдасқан топ тауарды тиеу, жөнелту, қызмет көрсету бойынша жалған есеп айырысу құжаттарын дайындаған. Сол үшін 20 ға тарта фирма ашып, бір күндік бухгалтерлік қаржы операцияларын жүргізген. Есеп-шотынан қыруар қаржыны өткізіп, оны қолма-қол ақшаға айналдырып алғаннан кейін фирманы жауып тастап отырған. Осылайша 4 жыл бойы жұмыс істеген.
Максим Зенгер, Экономикалық қылмыстарды тергеу департаментінің жедел уәкілі:
Мемлекетке 500 млн теңге көлемінде шығын келтірді. Бұл қаржы салық ретінде төленуге тиіс болатын. Кінәлілерді сот 1,5 жылдан 6,5 жылға дейін тар қамаққа жабу жөнінде үкім шығарды. Олардан 4 пәтер және 3 автокөлік тәркіленді.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да күштік құрылым қызметкерлері арасында турнир өтті
16.10.2025, 17:35

«Арғықазақ мифологиясы» еңбегі түрік тіліне аударылды
16.10.2025, 17:33
Ұлы көшке 35 жыл
16.10.2025, 17:31
Шымкентте «Еңбек жолы» байқауының үздіктері анықталды
16.10.2025, 17:29
Атырауда Жайық жағасын тазалады
16.10.2025, 17:27
Шымкентте «Таза Шым» эко акция өтті
16.10.2025, 17:25
СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын
16.10.2025, 17:23
«Дәстүр дәмі»: Оралда бас аспаздар бақ сынады
16.10.2025, 17:21