Өскеменде қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Өскеменде қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Қаланың іргесінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар алаңында бүгін түсте басталған өрт осы уақытқа дейін 600 шаршы метр аумаққа жайылған. Қазір бұл жерде арнайы техника және өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Облыс орталығындағы қоқыс полигоны былтыр да жанып, қала тұрғындары бір апта бойы көк түтінге тұншыққан. Мамандардың айтуынша, өртті сөндіру жұмыстарына жел көп кедергі келтіріп тұр. Өрттің шығу себебі бойынша бірнеше болжам бар.
Еркін Мамырбеков, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары:
Біріншісі, өз-өзінен жану. Екінші, қасақана өрт қою. Өйткені, мына жерде қоқыс теретін және басқа адамдар жүруі мүмкін. Қоқыс әкелетін техникадан ұшқын түсуі мүмкін. Үшінші, абайсызда ашық отты пайдалану.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
25-ші қазан – еліміз үшін маңызды күн
17.10.2025, 13:18

Солтүстікте «Серпін» бойынша оқыған жастардың 14% ғана тұрақтап қалған
17.10.2025, 13:14
Алматыда Салық кодексіндегі өзгерістер талқыланды
17.10.2025, 13:10
Дәрігер: Пешенеме адам өмірін сақтап қалу міндеті жазылған
17.10.2025, 13:07
Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтіп жатыр
17.10.2025, 13:05
Газаны қайта құру жоспары ұсынылды
17.10.2025, 13:02
Астанада тұрақ ақысы минутына есептелетін болды
17.10.2025, 13:00
2026 жылы Қазақстанда шәкіртақы қандай болады?
17.10.2025, 10:30