Қазақстан Президенті Иранның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифті де қабылдады. Мемлекет басшысы елордаға сапармен келген Иран дипломатына ілтипат білдіріп, екі ел арасындағы байланыстардың маңызын атап өтті. Сыртқы істер министрі Иран Президенті Хасан Руханидің сәлемін жеткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Иран – Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктестерінің бірі. Заман қалай құбылса да, елдеріміз арасындағы жақсы қарым-қатынастар үзілген жоқ. Халықаралық ахуал өзара ынтымақтастығымыздың дамуына әсер етпеді. Біз бұл жағдайды жоғары бағалаймыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Иран Президенті Хасан Руханиға жүрекжарды сәлемімді жолдаймын.
Мохаммад Джавад Зариф, Иранның Сыртқы істер министрі:
Біз Сіздің еліңізбен арадағы ынтымақтастықтың дамуына зор мән береміз. Қазақстан өңірдегі жақын көршілеріміздің әрі достас мемлекеттеріміздің бірі.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент: «Лукойл» 30 жылда 12 млрд доллар инвестиция салды
14.10.2025, 20:30

Бельгияда ереуілшілер мен полиция қызметкерлері қақтығысты
14.10.2025, 20:30
Әлемді елең еткізген жаңалықтарға шолу
14.10.2025, 20:30
Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен оның Орталық Азияға ықпалы
14.10.2025, 20:30
Газадағы соғыстың аяқталғаны жөніндегі келісімге қол қойылды
14.10.2025, 20:30
Банктер ипотекаға өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты
14.10.2025, 20:30
Қырғызстан өлім жазасын қайта енгізуі мүмкін
14.10.2025, 20:30
7 мыңнан астам адам бала асырап алу үшін кезекте тұр
14.10.2025, 20:30