Қарағандыда ПТР-тестке талдау жүргізе алатын зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда ПТР-тестке талдау жүргізе алатын зертхана ашылды

27.10.2020

Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әлеуметтік-медициналық зертхана ашылды. Тәулігіне шамамен 2 мыңнан астам ПТР-тестке талдау жүргізе алатын жаңа нысан заманауи қондырғылармен жабдықталған. Бұл диагностика сапасын одан әрі арттырады, - дейді мамандар. Мұнда жылына 800 мыңға жуық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ең бастысы, мемлекеттік тапсырыс бойынша сынамаларды тегін тапсыруға болады. 

Қарлығаш Сыдықова, зертхана директоры:
-Тест нәтижесі сіздің бойыңызда Ковид-19 вирусының бар-жоғын нақты анықтап береді. Ал жедел тест G және M иммуноглобулин деңгейін анықтайды, яғни ағзаның қаншалықты зақымданғанын көрсетеді. Дәлірек айтсақ, сізде індет енді басталып келеді немесе сіз бұған дейін ауырып, бойыңызда антидене қалыптасқан.

Атырауға тәулігіне 500 адамды ПТР-тесттен өткізуге қауқарлы жылжымалы зертхана жеткізілді. Жүк көлігіне орнатылған соңғы үлгідегі автозертхананы шалғайдағы ауылдарға да апаруға болады. Техника жол талғамайды. Жылжымалы зертхана аса қауіпті инфекция ошақтарында да стационарлық сараптама орны ретінде жұмыс істей алады.

Руслан Нұрланұлы                                                          

Қарағанды ПТР тест зертхана

Хабарламаларға жазылу