Атыраудағы емханаларда ПТР тестің заңсыз өткізілгені әшкере болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы емханаларда ПТР тестің заңсыз өткізілгені әшкере болды

01.03.2022

Атыраудағы емханаларда ПТР тестің заңсыз өткізілгені әшкере болды. №4 емхананың өзінде коронавирусты анықтайтын тестен өту жолдамасы 20 адамға негізсіз берілген. Соның салдарынан бір ғана медициналық мекеменің өзінде 162 мың теңге қазына қаржысы желге ұшқан. Қалалық прокуратура жүргізген тексеру кезінде тағы төрт емхананың мамандары осындай жымысқы әрекетке барғаны әшкере болып, 200 тұрғынның ПТР-тестке тегін жолдаманы заңсыз алғаны анықталды. Келтірілген 1 жарым миллионнан астам шығын бюджетке кері қайтарылды.

Нұржан Әбілов, қала прокурорының орынбасары:

Бас прокуратураның тапсырмасына сәйкес емханаларда кешенді тексеру жұмыстары жүргізілген. Яғни, мұнда дәрі-дәрмек беру, соның ішінде ПТР-тестілеуде қамтылған болатын. Қазіргі уақытта ПТР-тестілеу бойынша анықталған заң бұзушылықтар: 5 емхана бойынша 5 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу