Петропавлда зертхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда зертхана ашылды

29.11.2019

Петропавлда толықтай автоматтандырылған агрохимиялық зертхана ашылды. Бұл орталықта енді топырақ құрамын зерттеудің 1500 түрін жасауға болады. Жердің құнары мен мен ылғал сіңіру қабілетін, басқа да химиялық элементтердің құрамын зерттеу арқылы өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ талдау нәтижесі бойынша минералды тыңайтқыштардың мөлшерін реттеп, астық шығымдылығын 25 пайызға көбейтуге болады дейді мамандар. 20 адам жұмысқа тартылды.   

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу