Белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Жұбанов 83 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкері Мейрамбек Таубалдиев естіртті.
«Тектінің тұяғы, асылдың сынығы, белгілі тілші-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Жұбанов Асқар Құдайбергенұлы дүниеден озды. Бұл - қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы. Қазақ еліне, отбасына, ағайын-туысқа қайғырып көңіл айтамын. Бақұл болыңыз, асыл адам!», - деп жазды ол Facebook-те.
Асқар Жұбанов 1937 жылы 13 қарашада Алматыда дүниеге келген. Әкесі Құдайберген Жұбанов – қазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, қазақ тіл білімінің тұңғыш профессоры, педагог, түркітанушы. Көптеген ғылыми еңбектің авторы Асқар Жұбанов өмірінің соңына дейін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында қызмет етті.