Қызылордада белгілі спорт шеберлері де қайырымдылыққа атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада белгілі спорт шеберлері де қайырымдылыққа атсалысты

23.04.2020

Төтенше жағдай енгізілгелі еліміздің әр аймағында жомарт жандар қайырымды іске ұйытқы болуда. Кәсіпкерлер мен волонтерлар мұқтаж адамдарға азық-түлік пен бетперде таратса, енді бірі пошта қызметін ұсынды.

Тараздағы жедел штаб маңынан құралған волонтерлар мыңнан астам қарияға зейнетақысын үйіне дейін әкеп берді. 5 мыңға жуық отбасыға азық-түлік таратты, шұғыл желі арқылы көмек сұрағандарға да үлгеріп қол ұшын созуда.

Қызылордада "Біз біргеміз!" атты қайырымдылық акциясына спорт саңлақтары да үн қосты. Әйгілі ауыратлет Илья Ильин мен гүрзі жұдырықты боксшы Қамшыбек Қоңқабаев және боз кілем шебері Мақсат Исағабыловтар да игі істің басында жүр. Ал, Қарағандыда жол құрылысының сапасы мен күтімін бақылайтын мекеме мамандары антисептиктер дайындап, бетперделер тігіп, жұмысшыларға үлестірді.    

Қазір карантин жағдайын пайдаланып қала ішін тазалау, абаттандыру сынды шаруалар атқарылуда. Саябақтар мен гүлзарлардың өзінде 200-ге жуық жұмысшы еңбек етіп жүр. Белсенді жастар күнұзақ далада жүретін жұмыскерлерге қорғаныш заттарын күнде жеткізіп бермек.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу