Қазақ елі Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018
Қазақ елі Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ жұрты еліміздің Еңбек сіңірген спорт шебері, Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тенді жер қойнауына тапсырды. 

Алматы жұртшылығы Балуан Шолақ спорт сарайында сүйікті чемпиондарымен қоштасу рәсіміне жиналса, Астана халқы «Барыс Арена» мұз айдынына жиналды.

Денис Теннің денесі туған жері Алматыдағы Достық ауылының маңындағы зиратқа жерленді. Белгілі спортшыны жерлеу жұмыстарын ұйымдастыруды Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігі өз мойнына алды.  

Әйгілі спортшымен қоштасуға қарапайым халықпен қатар, алыс-жақын шет елдегі достары және қазақстандық белгілі спорт шеберлері келді. Олардың ішінде Геннадий Головкин, Данияр Елеусінов, Екатерина Айдова, Денис Кузин сынды спортшылар бар.

Қайғылы оқиғадан кейін еліміздің түкпір-түкпірінде мәнерлеп сырғанаушыны еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімдері өткізілді.

Бүгін «QAZSPORT» арнасынан Денис Теннің естеліктеріне байланысты арнайы жобалар берілетін болады.

Хабарламаларға жазылу