Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде

18.10.2014
Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде

Ақтауда бокстан тұңғыш КСРО спорт шебері, Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған 8-ші халықаралық турнир өтіп жатыр.

Бұл сынға 6 елдің былғары қолғап шеберлері қатысуда. Еліміздің барлық облыстарыда өз өкілдерін әкеліпті. Олардың арасында Әлем чемпионы Шалқар Айқынбай және Әлем біріншілігінің жүлдегері Сұлтан Зауырбек бар.

Ақтау шаршы алаңы алдағы қараша айында өтетін ел чемпионаты алдындағы боксшылардың деңгейін байқап көруге таптырмас жарыс.

Бүгін жартылай финалдық кездесулер өтіп ақтық кезеңге жолдама алғандардың есімдері белгілі болды. Боксшылардың бәсекесін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу