Ақтөбеде Денсаулық фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде Денсаулық фестивалі өтті

06.09.2014
Ақтөбеде Денсаулық фестивалі өтті

Ақтөбеде екі мыңға жуық адам Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы саябаққа жиналды.

Оқушылар мен студенттер қаз-қатар тізіліп дене шынықтырды. Зейнеткерлер де жастардан қалысқан жоқ. Буын жаттығуларын жасап, «Денсаулық саябағында»  дәрігерлердің түрлі тексеруінен өтті.

«Белсенді өмір- жүз жастық ғұмыр» деген ұран тастаған ардагерлер жастарды салауаттылыққа шақырды. Спорт шеберлері мен чемпиондар оқушыларға өздері қалаған спорт түрімен шұғылдануға кеңес берді.

Белсенді өмір сүруге әрқашан қолдау бар. Бұл – салауатты өмір салтын ұстанатын жастардың артып келе жатқанының дәлелі.  

 

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу