Елордада ауыз су құрамындағы хлордың мөлшері артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ауыз су құрамындағы хлордың мөлшері артқан

21.04.2020

Елордалықтар тұтынып отырған судан хлор иісінің қатты шығуы бекер емес. Қалалық сумен қамту жүйесіндегі ауыз судың құрамындағы хлордың мөлшері артқан. Бұл туралы «Астана су арнасының» өкілдері айтты. Бұған дейін санитарлық ережеге сәйкес, 1 литр судағы хлордың дозасы 0,3-0,5 мг болса, қазір ол 1 мг-ға дейін көбейген. Себебі көктемгі су тасқынына байланысты шаһардағы су қоймаларына қырдан аққан су келіп құйылады. Әрі ластанады. Сондықтан тіршілік нәрін зарасыздандыру үшін осы уақытта хлордың мөлшерін арттыру — жылдағы процесс. Химиялық әдістің адам денсаулығына еш қаупі жоқ. Және бұл уақытша құбылыс, яғни, мамарыдың аяғында судағы хлордың мөлшері бұрынғы қалпына түсетінін айтады мамандар. Тағы бір айта кетерлігі, бұл шараның коронавирусқа еш қатысы жоқ.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу