Президент әскерге арнайы шақырылған азаматтармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Президент әскерге арнайы шақырылған азаматтармен кездесті

Президент әскерге арнайы шақырылған азаматтармен кездесті

Басқа түскен қиындықты ел болып бірге еңсереміз. Бүгін аумақтық қорғаныс бригадасының қызметшілерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, әскери міндеттілерге осылай рух берді, сенім білдірді. Ел басына күн туғанда елге қызмет етуге өз еркімен келген еріктілерге, алғысын да айтты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қарулы күштердің техникалық дайындығын және қала әкімдігінің Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысымен танысты.  

«Күллі әлемді жайлаған қауіпті вирус, елімізді де әбігерге салды. Жұқтырғандар саны күн санып артып жатыр. Құрбандар да бар. Сондықтан қазіргі басты міндетіміз – індетпен күрес»,- деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы, қалада құрылысы қарқынды жүріп жатқан жаңа инфекциялық емхананаға да арнайы тоқталды. Медмекеме – сапалы әрі тиімді болуы шарт.

Бұдан соң Қасым-Жомарт Тоқаев, әскери жиынға өз еркімен келген жастармен кездесті. Қазіргі күні, Нұр-Сұлтан бойынша жергілікті аймақтық бригадада 4000 аса әскери міндетті азамат тіркеуде тұр. Соның алғашқы 100-і бүгінде көмекке келді. Мемлекет басшысы, ел басына күн туғанда ерікті түрде елге қызмет етуге келген еррлерге ерекше алғыс айтты.

Әскер қатарына қосылғандардың бірі — әуелете ән шырқап, шаршы алаңда қарсыластарын сұлатып, ел қошемептіне бөленіп жүрген Ибрагим Ескендір.

Қанша қауіпті босла да пандемия кетеді. Бірақ оған әрине уақыт пен сабыр керек. Сондықтан Президент еңсемізді түсірмей, вируспен бірлесіп күресуіміз аса маңызды екенін айтты.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ


Бөлісу