Қауіпті індетке байланысты ел ішінде қауесет көп таралуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпті індетке байланысты ел ішінде қауесет көп таралуда

26.03.2020

Иә, коронавирусқа қатысты ел арасында әңгіме көп. Яки, «коронавирус бұрыннан бар, тіпті, оны жұқтырып, кейін өздігінен жазылып шыққан адамдар бар. Ол кезде тест болмағасын, білмей қалдық» деген пікірлер де айтылуда.  

Коронавирус – әлемді әбігерге салып, дүниежүзін діңкелетіп тұрған дерт. Жүзмыңдаған адамға жұғып, онмыңдаған адамды жалмады. Осындай суық статистика мен ашық ақпараттар тынымсыз айтылып жатса да, әлі де індеттің рас екендігіне сенбей жүргендер бар.

Бұдан бөлек, коронавирус- саясат және кей мемлекеттердің мүддесі үшін қолдан жасалған деп болжам жасау былай тұрсын, үрейлі үгіт жасап жүргендер бар. Олар әлбетте, жауапкершілікке тартылуы тиіс. Ал, коронавирус – қателікті кешірмейді.

Дүрбелең бар жерде теріс пікірлер белең алатыны рас. Сол себепті, арнамызда күн сайын айтылып жатқан ресми ақпараттарға ғана сеніп, қауесеттен гөрі қауіпсіздікке мән берген игі.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу