Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгереді

26.01.2020

Қарағандыда 10 көшенің атауын өзгерту туралы көпшілік тыңдау өтіп, көпшілік қала көшелерінің өзгеруін қолдап, дауыс берді. Мысалы, Ленин көшесі – Абай Құнанбайұлы, Приканальная көшесі – Сарыарқа, Зональная көшесі – Александр Затаевич болсын деп. Әрине, «ескі атаулар біздің тарихымыз» деп сөйлегендер болған. Енді біреулер «бюджет қаржысын текке жұмсап қайтеміз» деген.

Ал заң бойынша тұрғындарға құжат ауыстырып, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ. Үйдің немесе жердің құжаттары алып-сатқанда немесе басқа адамның иелігіне берілген жағдайда ғана жаңа дерекпен рәсімделеді.

Қаражат көше бойындағы мекен жай тақтайшаларын ауыстыруға ғана жұмсалмақ. Ал ол шаруаны Ерлан Әшім есімді кәсіпкер өз мойнына алуға уәде берді. Айтпақшы, дауыс беру кезі түсірілген сурет мынау, зер салып қарап қойыңыз...

Сонымен бірге тақырыпты іліп әкетіп, Павлодардағы көше аттарын ауыстыру процесі –дәлірегі тәуелсіздік алғалы 25 көшенің ғана аты өзгергенін айта кетеміз.

Жалпы, еліміз бен жерімізге қатысы жоқ есімдерден, советтік империямен ассоциация беретін есімдерден құтылу процесі әлі жүріп жатыр. Түбі құлдық санадан.

Хабарламаларға жазылу