Украинада ұшақ апатынан 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада ұшақ апатынан 5 адам қаза тапты

04.10.2019

Украинада «Антонов-12» ұшағы апатты жағдайда қонып, кемінде 5 адам қаза тапты. Құрбандардың бәрі – экипаж мүшелері. 

Кеңес заманында жасалған төрт моторлы әуе машинасы радар экранынан жоғалып кеткеннен кейін Львов қаласының батысындағы әуежай маңына қатты түскен. 

Елдің Инфрақұрылым министрі Владислав Криклийдің сөзінше, Испаниядан Львовқа ұшып бара жатқан ұшақтың керосины таусылып қалған. Сондықтан, ол жерге сәтті қона алмады. Қазір апаттың нақты себебі тергеліп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу