Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

20.01.2014
Ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты
Индонезияның шығысындағы Малуку провинциясында шағын ұшақ апатқа ұшырады. Оқыс оқиғадан ұшқыш пен экипаждың үш мүшесі қаза тапты.
 
Чартерлік рейс жасаған ұшақ Папуа штатының астанасы - Джаяпура қаласындағы Сентани әуежайынан ұшып шыққан. Жергілікті уақыт бойынша (07:00 мск) күндіз ұшақ Туал қаласындағы жағажайға құлаған.
 
РБК агенттігінің хабарлауынша,  апат кезінде жергілікті тұрғындардан зардап шеккендер жоқ.

Хабарламаларға жазылу