Бразилияда ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда ұшақ апатынан 14 адам қаза тапты

18.09.2023

Бразилияда шағын ұшақ құлады. Оның бортында болған 14 адам түгел қаза тапқан. Оқыс оқиға елдің Амазонас штатында болды. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, көз жұмғандардың барлығы - туристер. Әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының мамандары ұшақ құлаған жерге барды. Олар шұғыл түрде қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу