Пәкістанда ұшақ апатынан 48 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда ұшақ апатынан 48 адам қаза тапты

08.12.2016
Пәкістанда ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 48-ге жетті. Құтқарушылардың мәліметінше, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешбірі тірі қалмаған. Құрбандардың ішінде отбасымен бірге елдің танымал әншісі де бар.
Кеше кешке Пәкістанның Читрал қаласынан Исламабадқа бағыт алған әуе лайнері Хавелиан қаласынан 70 шақырым жерде құлаған еді. Кейін ол өртеніп кеткен.



Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу