11.03.2018. Жүрсіннің жүйріктері. Айтбай Жұмағұлов пен Әсем Ережеқызының айтысы (2-бөлім) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11.03.2018. Жүрсіннің жүйріктері. Айтбай Жұмағұлов пен Әсем Ережеқызының айтысы (2-бөлім)

11.03.2018

Бүгін Ұлттық арна эфирінде «Жүрсіннің жүйріктері» атты айтыс жобасының екінші бөлімі өтті. Бұл айтыстың бұрынғы айтыстардан ерекшелігі – аға буын мен жастар сөз додасына түседі.

Ақындардың өнеріне баға беретін қазылар алқасының мүшелері – ҚР Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов, профессор Намазалы Омаш, ҚР Халық ақыны Әсия Беркенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.

«Жүрсіннің жүйріктері» қатысатын аламанның кезекті жұбы ретінде қарағандылық Айтбай Жұмағұлов пен шығысқазақстандық Әсем Ережеқызы шықты.

Айтыскер ақындар алғашқы кезеңде «Әлемнің мәні әйелде» тақырыбында айтысты. Қазылар тарапы бірінші бөлімде Айтбай Жұмағұловтың дайындығы аз екендігін айтып, Әсем Ережеқызының басымырақ болғандығын тілге тиек етті.

Ал, екінші кезеңде айтыс «Ер мен әйел» тақырыбы бойынша өтті. Профессор Намазалы Омаш екінші бөлімде Айтбай Жұмағұловтың сөзі де, өзі де ширай түскендігін білдіріп, Әсемнің әрқашан жүйрік ақын екендігін айтты. Ақындарға баға беру нәтижесі бойынша  Әсем Ережеқызы басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, «Жүрсіннің жүйріктері» жобасы Ұлттық арнада әр апта жексенбі күні сағат 21:00-де көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу