Жандарбек Бұлғақов Қарағандыда өткен айтыста бас жүлдені жеңіп алды

28.09.2014
Жандарбек Бұлғақов Қарағандыда өткен айтыста бас жүлдені жеңіп алды

Қарағандыда «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығы мен қаланың 80 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті.

Шараның басты мақсаты - республикамыздың тәуелсіздік жылдарындағы даму көрсеткіштері аясында  аймақтың жетістіктері мен өндірісін, кәсібі орныққан өңірге қызмет еткен азаматтардың еңбегін жырлау, халықтың ынтымақ-бірлігін дәріптеу.

Сайыс нәтижесінде бас жүлдені астаналық ақын Жандарбек Бұлғақов жеңіп алса, бірінші орынды Алматы облысының ақыны Сара Тоқтамысова, екінші орынды астаналық Жақсылық Орынбасаров, үшінші орынды жамбылдық Әсет Дүйсебаев пен қарағандылық Айтбай Жұмағұлов иеленді.

Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан қомақты сыйлықтар берілді.
 

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу