«Таңшолпан». Ұлттық арна көрермендері жаңа маусымда «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» телехикаясын тамашалайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Ұлттық арна көрермендері жаңа маусымда «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» телехикаясын тамашалайды (ВИДЕО)

25.07.2017

30 бірдей киіз үй тігіліп, өрісі малға толып, ел қондырған бұл жайлауда қазір қызу жұмыс жүріп жатыр. Шығармашылық топтың негізгі мақсаты – Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббат дастанын экранға шығару.

Телевизиялық көркем хикая 6 бөлімнен тұрмақ. Тарихи дастанның бізге жеткен 17 нұсқасының ішінен Жанақ ақынның жыры таңдалыпты. Сценарий авторының айтуынша, аздап әдеби көркемдік тәсілдер қолданылғанмен, оқиға бойынша негізгі желісінен ауытқымаған.

Басты рөлдерді Тұрсын Тұралиев, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділдә, Махаббат Сарқытбаева, Ержан Мұқатаев, Гүлзада Тұрлаш сомдайды.

 «Телевизиялық нұсқа болғандықтан, көптеген драмалық шешімдер қостық, кейіпкерлердің мінезін байыттық. Әрине, эпостың табиғаты басқа, бұл жерде драматургиялық нұсқа болғандықтан жаңа кейіпкерлер қосылды», - дейді фильм сценарийінің  авторы Әннес Бағдат.

Хабарламаларға жазылу