Жаңа маусымның ең маңызды тартуларының бірі - қазақтілді сериалдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа маусымның ең маңызды тартуларының бірі - қазақтілді сериалдар

31.08.2017

Биыл отандық телеарналардың көрерменге ұсынар тың дүниелері жеткілікті. Жаңа маусымның ең маңызды тартуларының бірі - қазақтілді сериалдар. Мәселен, біздің арнадан жақында «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» телехикаясы мен «24 сағат табиғат аясында» деп аталатын реалити-шоуды тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, қазір «Қазақ батырлары» тарихи көркем сериалының түсірілімі жүріп жатыр.

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» тарихи телехикаясы екі ай бойы түсірілді. Ел дәстүрін жаңғыртудың жарқын үлгісі бола алатын жобаны жақында Ұлттық арнадан тамашалаймыз. Әрқайсысы 42 минуттан тұратын 6 сериалы тарихи һәм танымдық телеөнімнің қазір монтаж жұмыстары жүріп жатыр.     

Еліміздің Ақпарат және коммуникация министрі жаңа жобалардың жұмыс барысымен арнайы келіп танысты. Шығармашылық топтың жетекшілерімен пікір алмасты.

Еліміздегі жаңа жобалар жайында Мирас Мұқаш толығырақ баяндайды.       

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу