«Кеш YOU» тобының орындауында «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» телехикаясына жазылған саундтректің тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кеш YOU» тобының орындауында «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» телехикаясына жазылған саундтректің тұсауы кесілді

01.11.2017

Жақында Ұлттық арна эфирінен шығатын «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» телехикаясының саундтрегі «Махаббат баяны» әніне жазылған. Бүгін «Кеш YOU» тобының орындауында әнге түсірілген бейнебаянның тұсаукесері өтті. Осыған орай топ мүшелері студия қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

Туындының авторы Арман Дүйсенов, сөзін жазған Асқар Дүйсенбі.

Телевизиялық көркем хикая 6 бөлімнен тұрмақ. Тарихи дастанның 17 нұсқасының ішінен Жанақ ақынның жыры таңдалып алынған. Басты рөлдерді Тұрсын Тұралиев, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділдә, Махаббат Сарқытбаева, Ержан Мұқатаев, Гүлзада Тұрлаш сомдайды.

Саундтрек

Хабарламаларға жазылу