Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымы ашылады

10.10.2014
Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының жаңа маусымы ашылады

16 қазан күні Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының 69-шы театр маусымының салтанатты ашылуы болады, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметінен.

Жаңа маусымның ашылуына орай «Ақжелкен» этно-фольклорлық балалар ансамблі күй орындап, Ғ.Мүсірепов ескерткішіне гүл шоғы қойылады. Ал, театр сахнасында көрермендер үшін Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклі қойылады.

Хабарламаларға жазылу