Елордада «Қозы көрпеш – Баян Сұлу» балет-эпосының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Қозы көрпеш – Баян Сұлу» балет-эпосының премьерасы өтеді

25.06.2021

2-3 шілде күндері «Астана Балет» театрының сахнасында «Қозы көрпеш – Баян Сұлу» балет-эпосының премьерасы өтеді. Бұл туындыны сахналау Елорда күніне орай ұйымдастырылады. Халық ауыз әдебиетіндегі жырды арқау еткен қойылым авторлық көзқараспен жасалған. Театрдың биылғы маусымындағы басты премьера болып табылды. Балетті қоюшы мамандарың сөзінше ұлттық биді классикамен және заманауи техникамен үйлестірген шығарманың көрерменге берері мол. Ұлттық бояуы қанық, хореографиялық өрнекке бай туынды шыққан. Сондай-ақ, бұл қойылымда өнер көрсету үшін театрдың ең үздік әртістері таңдап алынды.

Дарина Қайрашова, Баян сұлу рөлін сомдаушы әртіс:
Бұл спектакль мен үшін өте қиын. Бұл жерде тек классикалық хореография ғана емес, қазақтың ұлттық биіде көрініс табады. Баян сұлу рөлі актерлық жағынан, эмоция тұрғысынанда ауыр. Өйткені, біз бұл қойылымды балетпен үйлестіретіндіктен көрермен көрсететін барлық қимылды түсінуі керек.


Хабарламаларға жазылу