Алматыда белгілі демограф М.Тәтімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда белгілі демограф М.Тәтімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

18.04.2016
Алматыда белгілі демограф М.Тәтімовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан халқы үшін орны толмайтын ауыр қайғыға байланысты көңіл айтуға рұқсат етіңіздер. Мақаш Тәтімов өзінің демография саласындағы құнды зерттеулерімен кеңінен танымал болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ ол еліміздің игілігі жолында еңбек етті. Оның есімі мен еңбектері халқымыздың жадында сақталады», - делінген жеделхатта.

Мақаш Байғалиұлы Тәтімов 1940 жылы 30 cәуірде Талғар қаласында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Мәскеу педагогикалық университетін (1966), Мәскеу экономикалық статистика институтының аспирантурасын (1969) бітірген.

1970 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты, ал 1996 жылы саяси ғылымдарының докторы атанды.

Мақаш Тәтімов - Әлеуметтік ғылымдар Академиясының (30.04.1997) және Саяси ғылымдар Академиясының (03.07.1997) академигі, 12 -ден астам кітаптың авторы, «Голощекиндік жұт» монографиясын, «Демографияны жаһандандыру» әдістемесін жазған.

«Құрмет» және «Парасат» (2000 жыл) ордендерінің иегері. Талғар қаласының құрметті азаматы. М.Тәтімов 76-ға қараған шағында өмірден озды.

Хабарламаларға жазылу