Ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігердің  сүйегі жер қойнына тапсырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігердің  сүйегі жер қойнына тапсырылды

05.10.2017

Ауыр науқасқа көмек көрсету үшін жолға шығып, ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер Талғат Патсаевтың сүйегі бүгін жер қойнына тапсырылды. Оны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Шымкентте өзінің шаңырағында өтті.

46 жастағы дәрігерді жерлеу рәсіміне арналған қаралы митингке билік өкілдері, әріптестері тегіс қатысты. Жиында олар бақилық болған Талғат Анапияұлын қимастықпен еске алып дұға бағыштады.

Хабарламаларға жазылу