Қазақ елі Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды

01.05.2015
Қазақ елі Батырхан Шүкеновті ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ Ұлттық филармониясында белігілі әнші Батырхан Шүкеновты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұмның отбасы мен туысқандарына жазған көңіл айту жеделхатын оқыды.

Жеделхатта «Музыкант, композитор, эстрада әншісі Батырхан Камалұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты аса ауыр қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын» делінген.

Халықтың шынайы ықыласына бөленген әншімен жұртшылық қимай қоштасты.

Әншінің мәйіті Кеңсай зиратына жерленді.

 

Нұрлан НАУРЫЗӘЛІ

Хабарламаларға жазылу