Жұртшылық қаламгер Адам Мекебаевты ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұртшылық қаламгер Адам Мекебаевты ақтық сапарға шығарып салды

10.09.2014
Жұртшылық қаламгер Адам Мекебаевты ақтық сапарға шығарып салды

Бүгін Алматыдағы Жазушылар одағында қаламгер Адам Мекебаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Жазушы 1940 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген.

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығымен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған жазушы - қазақ әдебиетіне «Жадыра», «Жезтырнақ», «Айтылмай қалған аңыз» атты еңбектерімен сүбелі үлес қосты.

Жаназаға жиналған жақындары мен зиялы қауым Адам Мекебаевтың адамдық қасиеттерін еске алып, марқұмның ұрпақтарына көңіл айтты.

 Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу